Әлемнің екі дүркін чемпионы Азия біріншілігінде қоланы қанағат тұтты
©instagram.com/nazym_kyzaibay09/
Назым Қызайбай бокстан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемионатының жартылай финалында жұдырықтасты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Назым Қызайбай бокстан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемионатының жартылай финалында жұдырықтасты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
50 келі салмақта Назым жапон қызы Намики Цукимимен қолғап түйістірді.
Төрешілер шешімімен күншығыс елінің өкілі 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, еліміздің маңдай алды былғары қолғап шебері сары құрлықтың қола медалін қанағат тұтуына тура келеді.
Еске салайық, Назым Қызайбай әлем чемпионаттарында (2014, 2016) және Азия біріншілігінде (2021) алтыннан алқа тағынан еді.
Жарнама