Бокс
8 ақпан 2022 09:44

Әлемнің бұрынғы чемпионын көшеде тонап атып кеткен

©telegraf.com.ua

Жеңіл слмақта IBF ұйымының бұрынғы чемпионы америкалық Роберт Истерге (23-1-1, 14 KO) қарақшылық шабуыл жасалып, оны атып кеткен, деп хабарлайды vRINGe.com

Оқиға Огайо штатындағы Цинциннати қаласында болған. Бірнеше қарулы адам боксшының алқа мен жүзіктерін тартып алмақ болған. Истер қашып құтылуға әрекеттенген, алайда, оның артынан оқ атылған. Қарақшылар үш оқ тиген боксшының алтын бұйымдары мен ұялы телефонын қолды етіпті. 

Дәрігерлер боксшыға шұғыл операция жасап, денесінен оқтарды алып шыққанан кейін оның аман қалатынын мәлімдеді. Бірнеше сағаттан кейін Истер Twitter желісінде қысқа пост жариялады: "Сұмдық ауырып тұр". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport