Екі салмақта әлем чемпионы болған, ал қазірде комментатор әрі сарапшы америкалық Пол Малиньяджи мексикалық Сауль Канело Альваресті сынға алды, деп жазады Vesti.kz.
"Мәселе Канелоның міндетті қорғау өткізбеуінде емес. Ол мұндайды жеңіліп қалудан қорқатын кезде ғана істемей қояды. Бұл үлкен мәселе.
Ол Авни Йылдырыммен жұдырықтасты ғой. Үміткер көшеде пончик пісіріп, күн көріп жүрсе, Канело онымен айқасуға міндеттімін дейді. Канелоның жанкүйерлері де оның міндетті екенін айтады. Қойыңдаршы, Джермалл Чарло да мықты болып тұрғанында үміткер болған еді ғой", - деп береді Малиньяджидің сөзін Probox TV.