Әлемнің бұрынғы чемпионы. Дигнумнан кейін Әлімханұлының қарсыласы кім болатыны айтылды
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы WBO белбеуі үшін өтетін кездесуден кейін әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгиямен (39-0, 31 КО) айқасуы мүмкін, деп жазады RingTV.
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы WBO белбеуі үшін өтетін кездесуден кейін әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгиямен (39-0, 31 КО) айқасуы мүмкін, деп жазады RingTV.
Айта кетейік, отандасымыз келесі кездесуін 21 мамыр күні өткізеді. Бұл айқаста Әлімханұлы WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағын ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) сарапқа салады.
"Чарло мен Мунгия арасындағы кездесу өтпейтін болғандықтан, WBC Хаймеге доминикандық Карлос Адамсты ұсынды. Бірақ мексикалық бұл кездесуден де бас тартты. Сосын ол Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасындағы айқастың жеңімпазымен де кездескісі келмейтінін айтқан.
Бірақ ESPN тілшісі Салватор Родригестің айтуынша, The Ring рейтингінде төртінші орында тұрған Мунгия жыл соңында Әлімханұлымен кездесуі мүмкін екенін жазды", - дейді Франсиско Салазар.
Жарнама