Әлемнің бұрынғы чемпионы Амир Хан карьерасын аяқтағанын хабарлады

©sport.znaj.ua

Екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы 35 жастағы ұлыбританиялық боксшы Амир Хан карьерасын аяқтағанын хабарлады. 

"Қолғабымды шегеге ілетін уақыт келді. 27 жылға жуық уақытта осындай карьера жасағаныма қуыныштымын. Осы уақытқа дейін бірге жұмыс істеген командама алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ отбасыма, достарыма және жанкүйерлеріме керемет махаббаттарыңыз үшін рақмет" - деп жазды Хан әлеуметтік желісінде. 

Айта кетейік, Амир кәсіпқой бокстағы карьерасында 40 кездесу өткізіп, 34 айқаста жеңіске жетті. 21 мәрте ол қарсыластарын нокаутпен ұтқан. 2022 жылың ақпан айында ол соңғы кездесуін өткізіп, отандасы Келл Бруктан ұтылды. Хан сонымен қатар 2004 жылы Олимпиадаға қатысып, қола жүлдегер атанған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар