Әлемнің абсолют чемпионы мен Головкин бапкерлерімен "алмасты"

© allboxing.ru
Жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы (WBC, WBA (Super), IBF және IBO) норвегиялық Сесилия Брекхус (35-0, 9 KO) белгілі америкалық бапкер Абель Санчеспен жаттыға бастайтынын хабарлады.

"Абельді бірнеше жыл білемін және әлемнің үздік боксшыларын жаттықтыру арқылы жеткен үлкен табыстары туралы естігенмін. Мені жаттықтыру туралы сұрағанымда, оның қызғушылығы оянды. Біз бірнеше күн бірге өткіздік, осы кезде мен көп нәрсе түйгендей болдым. Big Bear лагеріне келісімен өзімді жайлы сезіндім, бұлже жаттығуға тамаша", - деп келтіреді боксшының сөзін BoxingScene.

Бұған дейін норвегиялық чемпион өзге америкалық бапкер Джонатан Бэнкспен жаттықан. Бір қызығы мамырда Санчесте жаттыққан қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) керісінше, Санчестен кетіп, Бэкске барған болатын. 

Айта кетейік, Бэнкс пен Санчестің де жаттығу лагерлері Калифорния штатындағы Big Bear мекенінде орналасқан.
Жаңалықтар