Лас-Вегастағы бокс кешінің басты айқасында жеңіл салмақтағы америкалық Джервонта Дэвис (29-0, 27 KO) пен Райан Гарсия (23-1, 19 KO) бетпе-бет келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші раундта-ақ Гарсия бір рет нокдаунға түсті, дегенмен жақсы жұдырықтасты.
Жетінші раундта Гарсия бауырдан ауыр соққы өткізіп алды да, тізеге отырып қалды. Осыдан кейін ол жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осылайша, Райан карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Дэвис болса кәсіпқойда әлі жеңілмеді.
Айта кетейік, Райан да, Джервонта да қазіргі таңда әлемдегі ең атақты боксшылардың бірі. Гарсия кезінде Канеломен жаттықса, Дэвис әйгілі Мейвезердің қол астында.