Talk Sport порталының редакторы Майкл Бенсон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 KО) болашағына қатысты ойын айтты.
"Геннадий Головкин титулдарынан бас тартуы мүмкін. Қазіргі таңда ол өз салмағында кез-келген боксшымен қолғап түйістіре алатын әлемдік деңгейдегі спортшы. Қаржылық жағынан пайда әкелетін жекпе-жек өткізе алады. Бұған өмірін боксқа арнаған Головкиннің құқысы бар. Оның кез-келген шешімі оң болады", - дейді Бенсон.
Осыған дейін IBF ұйымы GGG-ге бразилиялық Эскива Фалькаоға (30-0, 20 KO) қарсы титулын қорғауға міндеттеген еді. Ал жекпе-жек жеңімпазы WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен айқасады.