Әлемдегі ең ірі спорт оқиғасы. Тайсон мен Энтони арасындағы супер жекпе-жек уақыты белгілі

Сурет: boxingnewsonline.net

Суперауыр салмақтағы WBC чемпионы Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) осы дивизионда WBA, WBO, IBF және IBO титулдарына ие отандасы Энтони Джошуамен (24-1, 22 КО) жұдырықтасатынын растады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Британиялық боксшы Instagram желісінде бұл айқастың нақты 14 тамыз Сауд Арабиясында өтетінін мәлімдеді.

"Жалпы шолу. Фьюри - Джошуа 14 тамыз Сауд Арабиясы. Бар назарды әлемдегі ең ірі спорт оқиғасына бұрыңыздар", - деп жазыпты Тайсон.

"Тағатсызданып отырмын, Энтони Джошуаны сабайтын сәтімді асыға күтемін. Бұл ғаламат спорт оқиғасы болады", - деп қосып өтті ол видеосында. 

Жаңалықтар