Әлемдегі ең мықты кәсіпқой өзбек боксшымен айқасуға неге келіскенін айтты
Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) бірінші орта дивизионда WBA чемпионы өзбекстандық Исраил Мадримовпен (10-0-1, 7 KO) жекпе-жекке не үшін келіскенін түсіндірді, деп жазады Vesti.kz.

Бұл айқас 3 тамыз Лос-Анджелесте өтетін бокс кешінің басты кездесуі болады. Жекпе-жекте WBO титулы мен Мадримовтың белбеуі сарапқа салынады.
Әлемдегі ең мықты боксшы кім екені ашық айтылды
"Мен Исраилді 69,9 келіде қазіргі таңдағы ең мықты боксшы деп есептеймін. Мен бұрын-соңды болмаған мұра қалдырғым келеді. Мұның бәрін басымнан өткергенмін. Ол өте талантты әрі мықты боксшы, бірақ мен талантты және мықтылармен бұрын да жұдырықтасқанмын. Ол аяғымен жақсы жұмыс істейді, алайда мен аяқпен жақсы қимылдайтын жігіттермен де айқасқанмын. Ол ұстатпайды, дегенмен мен ұстатпайтын боксшылармен де жекпе-жек өткіздім. Мәселе темпті өз бақылауымда ұстап, рингте өз қалауымды жүргізуде болып тұр. Қарсыласымнан оның қалағанын алып қойып отыруым қажет", - деп береді Кроуфордтың сөзін vRINGe.com.
Жарнама