Әлемдегі ең мықты боксшымен спарринг өткізген Жүкембеав мәлімдеме жасады
Бірінші орта салмқата өнер көрсететін қазақстандық Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) жеңілмеген америкалық чемпион Теренс Кроуфордпен (38-0, 29 КО) спарринг өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші орта салмқата өнер көрсететін қазақстандық Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) жеңілмеген америкалық чемпион Теренс Кроуфордпен (38-0, 29 КО) спарринг өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бүгін жақсы спарринг болды. P4P рейтингінде бірінші тұрған Теренс Кроуфордпен. Бізде дайындық жалғасуда. Аллах қаласа жақсы жаңалық болады!" - деп жазыпты Батыр Instagram желісінде.
Айта кетейік, Кроуфорд бірінші жартылай орта дивизионда абсолют чемпион болған (2017). WBC (2016-2018), WBA (2017), IBF (2017), The Ring (2016-2017) белебулерін иеленген. Жеңіл салмақта WBO (2014-2015), The Ring (2014-2015) чемпионы болған. BWAA (2014), ESPN (2014, 2017), ESPY Award (2018) тұжырымдары бойынша жыл боксшысы ретінде мойындалған. Ал өзін салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты боксшы деп есептейді.
Жүкембаев кейінгі рет былтыр желтоқсанда мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альвареспен (28-11, 20 KO) жұдырықтасып, оны 69 секундта нокаутқа түсірген болатын.
Жарнама