Бокс пен ММА саласындағы сарапшы әрі белгілі бапкер Тедди Атлас әлемнің ең мықты боксшылары туралы ойын білдіріп, салмақтан тыс үздіктер рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Атлас нұсқасы The Ring беделді бокс журнал ұсынған топ-10-бен толық сәйкес келді екен.
Бұл тізімде суперорта салмақтағы бұрынғы абсолют чемпион Сауль Канело Альвареске (63–3–2, 39 КО) орын табылмады.
Сонымен бірге, The Ring рейтингінен тағы бір өзгешілігі Атлас тізімнің шыңына үш дивизионның абсолют чемпионы Терренс Кроуфордты (42–0, 31 КО) емес, хевивейт дивизионында үстемдік етіп жүрген Александр Усикті (24–0, 15 КО) қойды.
Тағы бір айтып өтер жәйт - ол жартылай ауыр салмақтағы WBC чемпионы Давид Бенавидестің (31–0, 25 КО) рейтингтег тым жоғары орынға жайғасуы. vRINGe.com атап өткендей, Атлас үшін бұл әдеттегі жағдай: ол бұл боксшыны бұрыннан жақсы көреді.
Атлас нұсқасы бойынша P4P рейтингіндегі он мықты боксшы:
Александр Усик
Терренс Кроуфорд
Наоя Иноуэ
Дмитрий Бивол
Джесси Родригес
Артур Бетербиев
Давид Бенавидес
Шакур Стивенсон
Дзунто Накатани
Девин Хэйни.
My Current P4P Rankings
— Teddy Atlas (@TeddyAtlasReal) November 25, 2025
1. Usyk
2. Crawford
3. Inoue
4. Bivol
5. Bam
6. Beterbiev
7. Benavidez
8. Stevenson
9. Nakatani
10. Haney
Жарнама