"Әлемдегі ең мықты боксшылар Қазақстанда". Америка чемпионы қазақстандық нокаутшымен жекпе-жек жайлы

Сурет: patriotledger.com©
Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (14-0, 13 КО) WBA International және IBO Inter-Continental титулдары үшін қарсыласы америкалық Стив Вукоша (12-1, 4 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жекпе-жекке дайындығы туралы айтып берді. 

"Жеке мен үшін әлемде Қазақстан мен Куба боксшылары ең мықты. Сіздердегі басты жұлдыз - Геннадий Головкин, бірақ, өзге де мықты жігіттер жетерлік. 

Бокс мен үшін дағдылы жұмыс емес. Әйелім мен үш балам бар. Автобус жүргіземін. Жиырма жылдан астам уақыт Фреди Роучте жаттығамын. Алда жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Қарсыласым зор талант иесі. Оның рейтингте жоғарлайтынын асыға күтемін. Ол мықты, жылдам және жақсы қозғалады. Алдағы жекпе-жекте оның басымдығы бар, алайда, мен жеңіс үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын", - дейді Вукоша. 

Кособуцкийдің жекпе-жегі 17 қазан Дюссельдорфте өтетін бокс кешінің басты кездесуі болады. Вукоша үшін бұл АҚШ аумағынан тыс алғашқы айқасы. Карьерасында ол - USA New England және WBC United States (USNBC) белбеулерін жеңіп алған.
Метки: