Әлемдегі ең кәрі боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді. Осымен ол карьерасын аяқтады

Сурет: SWNS/ Tom Maddick©

Әлемдегі ең кәрі боксшы ретінде мойындалған британиялық Стив Уорд (15-40-3, 1 КО) 65 жасқа толардан бірнеше күн бұрын карьерасын аяқтады, деп хабарлайды vRINGe.com.

6 тамызда ол ауыр салмақта румыниялық Адриан Парлогеамен (11-48, 1 КО) жұдырықтасып, зейнеткерлер арасындағы World Legends Championship титулын жеңіп алды.

Айта кетейік, Уордтың 2015 жылдан бергі жекпе-жектері ресми түрде есепке алынбай келеді. Атлетикалық комиссиялар боксшы жарақат алып қалса жауапты болғысы келмейді. 

Ал осы жекпе-жекте Уорд қарсыласын бірінші раундта үш рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңді. 

2019 жылы Альберт Хьюз (11-7-4, 6 КО) атты америкалық 27 жыл үзілістен кейін 70 жасында рингке қайта шыққан болатын. Алайда оның қарсыласы да біртүрлі және жұдырықтасуы да тым осал болды, осыған орай бұл қолдан жасалған айқас екені білініп, рекорд та есепке алынбады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар