Әлемде ең мықты боксшымен жұдырықтасқан Жүкембаев чемпиондарға үндеу жасады

©boxinggu

Келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатқан қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) өз салмағындағы чемпиондарға үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"140 фунттағы (63,5 келіге дейін) чемпиондар қайда? Тұрысатын жерлеріңді айтыңдар. Кез келгеніне дайынмын", - деп жазыпты Батыр Twitter желісінде. 

Айта кетейік, мұның алдында Батыр америкалық әйгілі боксшы Теренс Кроуфордпен (39-0, 30 КО) спарринг өткізген болатын. Ал Майк Тайсон Кроуфордты әлемдегі ең мықты боксшы деп атады. 

Тайсон атақты емес бірақ әлемде ең мықты боксшыны атады

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport