Келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатқан қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) өз салмағындағы чемпиондарға үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"140 фунттағы (63,5 келіге дейін) чемпиондар қайда? Тұрысатын жерлеріңді айтыңдар. Кез келгеніне дайынмын", - деп жазыпты Батыр Twitter желісінде.
Айта кетейік, мұның алдында Батыр америкалық әйгілі боксшы Теренс Кроуфордпен (39-0, 30 КО) спарринг өткізген болатын. Ал Майк Тайсон Кроуфордты әлемдегі ең мықты боксшы деп атады.
Тайсон атақты емес бірақ әлемде ең мықты боксшыны атады