"Әлемде ең қауіпті адам саналатын". Екі салмақта экс-чемпион Андре Уорд Головкин жайында

Сурет: fightsaga.com

Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы Андре Уорд жартылай орта салмақта WBO чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (36-0, 27 КО) пен британиялық Келл Брук (39-2, 27 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

"Келл - жүрек жұтқан боксшы, ол соңына дейін жұдырықтасып, қырсығып алады. Бұл жігіт сол уақытта әлемде ең қауіпті саналатын Головкинмен жұдырықтасу үшін екі дивизион ауыстырды. Көпшілік алдағы жекпе-жекті жақтырмай жатыр деп естідім. Қазіргі жағдайда, түрлі арналар мен промоушендерді есепке алғанда, бұл Теренс ұйымдастыра алатын ең тамаша айқас.

Брук бұрынғыдай емес дейтіндерге айтарым, уақыт көрсетеді, Келл Брук сияқты кәрі төбетті жете бағаламуға болмайды. Ол алдағысы үшін күреседі, сол себепті қауіпті. Ал прессингтің бәрі Кроуфордқа түседі. Егер жай ғана жеңуге болмаса, онда тамаша жеңіс қажет емес пе. Міне ол p4p көшбасшысы екенін дәлелдеу керек", - дейді Уорд Макс Келлерманның Max On Boxing бағдарламасында. 

Еске салайық, Брук пен Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 2016 жылы жұдырықтасып, британиялық бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Кейін оның көз ұйяшығының сүйегі сынып кеткені белгілі болған.

Жаңалықтар