Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 KO) әлемдік бокста бірегей көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек төрт негізгі ұйым рейтингінің орта салмақтағы ең мықты 15 боксшысы қататырна кіретін екі спортшының бірі. Мұндай жетістігі бар тағы бір боксшы - мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 KO).
Атап айтқанда қазақ боксшы WBC рейтингінде төртінші, WBA - сегізінші, IBF - тоғызыншы, WBO - екінші.
"Басымдығы бар ABC (Бокс комиссияларының қауымдастығы) ұйымдарының әрқайсының орта салмақта топ-15 рейтингіне кіретін екі боксшы ғана бар: олар Хайме Мунгия және Жәнібек Әлімханұлы", - деп жазыпты твиттерде блогер BatmanBoxing.