Бокс
26 маусым 2020 16:31

"Әлемді дүр сілкіндіремін". "Канело" командасындағы 22 нокауты бар экс-чемпион

Сурет: AllBoxing.ru
Суперауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Энди Руис ең мықты қарсыластармен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды sports.ru.


"Бабыма келіп, әлемді қайтадан дүр сілкіндіргім келеді. Бұл менің басты мақсатым. Қазір жаттығу лагеріндемін. Жанкүйерлер көңілін қалдырғанымды білемін, олардың сенімін қайтарсам деймін.

Диллиан Уайтпен жұдырықтасып, аузын жапқым келеді. Джошуамен қарымта керек. Сонымен қоса, Деонтей Уайлдер - Тайсон Фьюри трилогиясының жеңімпазымен де жұдырықтасуды қалаймын.

Уайтпен АҚШ-та кездескенім тамаша болады. Оның жеңе алатынымды білемін. Кез келген қарсыласты жеңе алатынымды сезіп тұрмын. Бәрі маған ғана байланысты", - дейді Руис.

Головкинмен бірге жаттыққан экс-чемпион "Канелоның" командасына қосылды