"Әлемді дүр сілкіндіремін". Еуропа чемпионы Головкинмен жекпе-жек жайлы

Сурет: RingSide24
Польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 KO) орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке қарқынды дайындалып жатыр. Bokser.org порталына берген сұхбатында спортшы ресейлік бапкер Федор Лапиннің жетекшілігімен тосынсый жасай алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Маған ешкім сенбегені мені алаңдатпайды. Бастысы - мен өзіме сенімдімін және тосынсый жасаймын. Жекпе-жегіміздің уақыты бірнеше рет ауысты, бірақ, мен бір тынған жоқпын. Федор Лапинге рахмет, меніңше, ол ең мықты бапкер. Головкинді жеңе алатынымды түсінемін. Әлемді дүр сілкіндіріп, орта салмақтағы бірінші поляк чемпионы болғым келеді, мені мақтан тұтқанын қалаймын. Головкин қазір бабынан қайтқан, ал мен карьерамның ең қолайлы кезеңіндемін. Сондықтан бірдеңеге қол жеткізгім келсе, осы ең дәл уақыт. Құр қорғаныста болмай, аяқпен көп жұмыс жасап, көбірек қимылдаймын, Головкин мені іздеп жүретіндей. Деревянченкомен жекпе-жектегі сияқты",- дейді боксшы. 
Жаңалықтар