Өзбекстан бокс федерациясы Польша астанасы Варшавада өткен Әлем кубогының кезеңінде боксшыларының сәтті өнер көрсетуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирді World Boxing деп аталатын жаңа ұйым өткізіп отыр.
Өзбекстан өз күшіне сенімдіӨзбекстан құрамасы алты алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.
"Осы нәтиженің арқасында біздің боксшылар кубоктық турнирдің көшбасшыларына қайта айналды. Екінші орын турнир қожайындарына бұйырды. Бразилияда өткен кезеңнен кейін Польшада да әжеттегідей көшбасшылығымызды тағы дәлелдедік. Енді Қазақстанда үшінші кезеңді өткізу уақыты келді", – делінген Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, Әлем кубогының келесі кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда өтеді.
Финалдық жарыстар 15–22 қараша аралығында Үндістанда ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, 2025 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтетіні белгілі болды.