Бокс
Кеше 21:59

Әлем кубогы: қазақстандық тағы бір боксшы жарысты ерте аяқтады

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Бағлан Кенжебек 2026 жылғы World Boxing аясындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде жеңіліс тауып, жарысты ерте аяқтады деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалда ол армениялық Жирайр Саргсянмен жұдырықтасты. Алғашқы екі раунд қарсыласының пайдасына өтті (5:0 және 3:2). Соңғы раундта Кенжебек қарсыласын нокдаунға жіберіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен (5:0) жеңгенімен, жалпы жекпе-жек қорытындысында Саргсян 3:2 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, осы турнирдің кешкі сессиясында (01:00) тағы бір қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 кг) алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ол 1/16 финалда тунистік Хассен Атиамен кездеседі.

Еске салайық, әлем кубогының бұл кезеңі Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтуде. Қазақстан бұл жарысқа 16 боксшыны алып барған. Бұған дейін екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport