Бокстан Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шыққан барлық боксшы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарысқа барлығы 50 елден 400-ге жуық боксшы қатысты. Қазақстан атынан 16 боксшы барған болатын.
Финалға шыққан боксшылар саны бойынша Бразилия көш бастап тұр. Олардың 9 боксшысы финалға шыққан. Қазақстан мен Қытайдың 4 боксшысы алтын үшін жұдырықтасады. Әзірбайжаннан 3 боксшы финалда өнер көрсетеді.
Бразилия — 9
Қазақстан — 4
Қытай — 4
Әзірбайжан — 3
Норвегия — 2
Венгрия — 2
Өзбекстан — 2
Польша — 2
Испания — 2
Аустралия — 1
Армения — 1
АҚШ — 1
Сербия — 1
Мексика — 1
Франция — 1
Марокко — 1
Венесуэла — 1
Жапония — 1
Хорватия — 1
Жарнама