Бокстан Бразилиядағы Әлем кубогында бүгін Қазақстан құрамасының үш боксшысы жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Күндізгі сессияда (19:00) шаршы алаңға Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 кг) мен Алуа Балқыбекова (54 кг) шығады. Кешкі сессияда (01:00) Аида Әбікеева (65 кг) өнер көрсетеді.
Жекпе-жектер кестесі (23 сәуір):
Күндізгі сессия (19:00)
Ринг B
19:45 — Әйелдер, 54 кг, 1/8 финал
Алуа Балқыбекова — Златислава Чуканова (Болгария)
Ринг A
21:30 — Ерлер, 65 кг, 1/8 финал
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Уго Грау (Франция)
Кешкі сессия (01:00)
Ринг A
02:00 — Әйелдер, 65 кг, 1/8 финал
Аида Әбікеева — Виктория Жилкова (Чехия)
Айта кетейік, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/16 финалда тунистік қарсыласын жеңіп өткен. Бүгін ширек финал жолдамасы үшін жұдырықтасады.
Ал Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева – екі дүркін әлем чемпиондары.
Жарнама