Бүгін бокстан Бразилиядағы Әлем кубогының ширек финалдағы жекпе-жектері басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 19:00-де) аясында үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады: Виктория Графеева (60 кг), Фарух Тохтасынов (70 кг) және Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг). Ал кешкі сессияда (01:00-де) тағы бес қазақстандық өнер көрсетеді.
Күндізгі сессия 19:00
60 келі. Виктория Графеева vs Мари ал Ахмади (Канада)
70 келі. Фарух Тоқтасынов vs Наби Исгандаров (Әзірбайжан)
85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы vs Паоло Карусо (Италия)
Кешкі сессия 01:00
65 келі. Аида Әбікеева vs Доуа Закки (Марокко)
80 келі. Диас Молжігітов vs Оладимеджи Шитту (Англия)
51 келі. Алуа Балқыбекова vs Дайана Мурхауз (Ирландия)
50 келі. Даниял Сәбит vs Иссам Бенсаяр (Марокко)
75 келі. Санжарәлі Бегалиев vs Саиджамшид Джафаров (Әзірбайжан)
Қайдан көруге болады?
Турнирдің толық трансляциясы Panam Sports арнасының ресми сайтында көрсетіледі.
Сондай-ақ жекпе-жектерді Бразилия бокс конфедерациясы да YouTube желісінде тікелей эфирде таратады.