Қазақстан құрамасы 2025 жылғы World Boxing ұйымдастыратын Әлем кубогі финалына қатысатын боксшылар тізімін жариялады. Бұл жарыс 16 мен 20 қараша аралығында Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтеді.
Турнирде Қазақстан намысын сегіз ер және бес әйел спортшы қорғайды.
Қазақстан құрамасының құрамы
Ерлер:
50 кг — Нұрзат Оңғаров
55 кг — Нұрсұлтан Алтынбек
70 кг — Нұрбек Мұрсал
75 кг — Аман Қонысбеков
80 кг — Санжаралы Бегалиев
85 кг — Сұлтанбек Айбарұлы
90 кг — Бекзат Таңатар
+90 кг — Даниял Сапарбай
Әйелдер:
48 кг — Ақбота Болат
51 кг — Жансая Рахымберді
57 кг — Ұлжан Сарсенбек
80 кг — Диана Мағауияева
+80 кг — Әсел Тоқтасын.
Жарнама