Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогының екінші кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
2025 жылғы Қазақстан чемпионы, 65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Төлтаев 1/8 финалда Англия боксшысы Патрис Мугалзаймен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан британиялық боксшыға берді - 5:0.
Осылайша, Санатәлі турнирдегі жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, бүгін әйелдер арасындағы жарыста Назым Қызайбай (54 келі) жартылай финал жолдамасы үшін Польша боксшысы Виктория Рогалинскамен кездеседі.
Бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келі) Венесуэла спортшысы Ирисмар Кардосоны жеңіп, ширек финалға шыққан болатын.
Жарнама