Бүгін, 30 маусым Астанада бокстан Әлем кубогінің кезеңі басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстанның бес спортшысы рингке шығады.
Күндізгі сессия (басталуы – 14:00):
48 келі салмақ: Назым Қызайбай – Приянха Диллон (Канада)
54 келі салмақ: Әнел Сақыш – Татьяна Обермайер (Германия)
70 келі салмақ: Абылайхан Жүсіпов – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан)
Кешкі сессия (басталуы – 19:00):
60 келі салмақ: Виктория Графеева – Аяка Тагути (Жапония)
70 келі салмақ: Наталья Богданова – Санамача Чану Токчом (Индонезия)
Барлық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы "Qazsport" телеарнасынан және арнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.
Әлем кубогінің бұл кезеңі 6 шілдеге дейін жалғасады.
Турнир аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасы 9–16 шілде аралығында қалыпқа келу үшін жаттығу жиынын өткізеді. Бұдан соң Ливерпульде қыркүйек айындағы әлем чемпионатына дайындық басталады. Негізгі оқу-жаттығу жиыны 20 шілде мен 26 тамыз аралығында Алматы қаласында өтеді.
Жарнама