Қазақстан құрамасының боксшысы Аман Қонысбеков Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем Кубогінің финалдық кезеңінде жүлделі орынға жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келі салмаққтағы ширек финалда ол Өзбекстан боксшысы Жавохир Абдурахимовқа 1:4 есебімен жол берді.
Жартылай финалға жолдама Абдурахимовқа кемі қола жүлде қамтамассыз етіп отыр.
Бұған дейін 55 келіде тағы бір қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Алтынбек те жартылай финалға өте алмаған еді.
Жарнама