Қазақстандық боксшы Лаура Есенгелді Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңіндегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол жарыс қожайыны Ян Люмен (Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері) кездесті.
Үш раундқа созылған айқастың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қытайлық спортшыға берді.
Осылайша, Ян Лю жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті. Ал Лаура Есенгелді турнирдегі өнерін аяқтады.
Жарнама