Бүгін, 1 шілде Астанадада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогі кезеңінің екінші жарыс күні, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасынан рингке бірден алты боксшысы шығады.
Күндізгі сессия (14:00 басталады):54 кг: Әнел Сақыш - Феруза Казакова (Өзбекстан)
55 кг: Махмұт Сабырхан - Шин Чжэен (Корея)
80 кг: Нұрбек Оралбай - Мурад Аллахвердиев (Әзірбайжан)
60 кг: Серік Теміржанов - Джейкоб Кассар (Аустралия)
75 кг: Надежда Рябец - Дос Сантос Перейра Вивиане (Бразилия)
+90 кг: Айбек Оралбай - Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)
Барлық жекпе-жектерді Qazsport арнасы және арнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.
Еске салайық, Астанадағы Әлем кубогі кезеңі 6 шілдеге дейін жалғасады.
Турнир аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасы 9–16 шілде аралығында қалыпқа келу үшін жаттығу жиынын өткізеді. Бұдан соң Ливерпульде қыркүйек айындағы әлем чемпионатына дайындық басталады. Негізгі оқу-жаттығу жиыны 20 шілде мен 26 тамыз аралығында Алматы қаласында өтеді.