Бокс
18 қараша 09:08

Әлем кубогінде ринг қожайындары қазақтарды жаппай ұшырып жатыр

©ASBC

Қазақстандық боксшы Нұрзат Оңғаров Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы Әлем кубогінің финалдық кезеңінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келідегі ширек финалда ол үндістандық Сингх Джадуманимен кездесті. Бұл айқаста төрешілер жеңісті бірауыздан Джадуманиге берді - 5:0.

Осылайша, Джадумани жартылай финалға өтіп, кемі қола жүлдеге жетіп отыр. Ал Оңғаров бірінші жекпе-жектен кейін-ақ жарысты аяқтап отыр.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг) үндістандық Паван Бартвалдан жеңілді, Аман Қонысбеков (75 кг) өзбекстандық Жавохир Абдурахимовқа есе жіберді және Бекзат Таңатар (90 кг) үндістандық Навин Кумардан нокдаунға түсіп, ешқайсы жартылай финалға өте алмаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport