Бокс
10 қараша 11:57

Әлем чемпионының айқасы жылдам нокаутпен бітті

©

АҚШ-тың Форт-Уэрт қаласында өткен бокс кешінің басты айқасында бірінші орта салмақтағы WBC уақытша чемпионы Верджил Ортис (24-0, 22 KO) пен Эриксон Лубин (27-3, 19 KO) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді, алайда Ортис қарсыласын екінші раундта тоқтатты. Америкалық боксшы Лубинді арқанға қысып, соққының астына алды. Бұған төреші араласып, айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.

Нәтижесінде Верджил Ортис жеңіліссіз сериясын жалғастырып, 24-жеңісіне қол жеткізді (22 нокаут). Ал Эриксон Лубин үшін бұл мансабындағы үшінші жеңіліс және үшінші рет нокаутпен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport