Әлем чемпионына міндетті қарсылас. Қазақ боксшының келесі айқасы ресми белгіленді

Сурет: profiboxing.kz©

Suleimen Promotions командасы екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдары бар Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) 2021 жыл 17 сәуір Карлсруэ (Германия) қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасатынын ресми түрде растады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Айдос бұл күні рингте ресейлік Евгений Шведенкомен жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу жеңімпазы суперорта дивизионда IBF чемпионы Калеб Плантпен титул үшін айқасады.