Әлем чемпионына Головкинді шақыра бермей Әлімханұлымен айқасу ұсынылды

©instagram.com/janibek_qazaqstyle

Орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарлоға (32-0, 22 КО) бірнеше қарсылас ұсынылды, деп хабарлайды Vesti.kz. Америкалық боксшы бірнеше рет Геннадий Головкинді (42-1-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырған еді. 

Вoxingnews24.com басылымының жазуынша, GGG-ге Чарло қызық емес, алайда, Головкиннің орнына ол бірнеше мықты боксшымен жұдырықтаса алады. Олардың ішінде Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) бар.

"Джермаллға батылдығын тексеру үшін мына жігіттердің бірімен айқасу керек: Дэвид Бенавидес, Дэвид Моррелл, Крис Юбэнк, Хайме Мунгия немесе Жәнібек Әлімханұлымен", - деп жазады басылым.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport