Әлем чемпионын айқасқа шақырған Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

8 қыркүйек 2021 11:51
© instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісінде пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Құрметті жанкүйерлер! Бұйыртса жекпе-жек қараша айына жоспарлануда. Алда 2 айлық қызу дайындық күтіп тұр! Біз жекпе-жекке чемпиондарды шақырып, промоутер мен менеджерге де мықты қарсыластар беруін сұрап жатырмыз. Күтейік! Жеңісті күнде жүздесейік!" - делінген хабарламада.

Еске салайық, қазақ боксшы кейінгі айқасында бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңген еді.

Ал кеше Жәнібек белгілі промоутер Эдди Хирнге қарата мәлімдеме жасап, орта дивизионда WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жекпе-жек талап етті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар