Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісінде пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Құрметті жанкүйерлер! Бұйыртса жекпе-жек қараша айына жоспарлануда. Алда 2 айлық қызу дайындық күтіп тұр! Біз жекпе-жекке чемпиондарды шақырып, промоутер мен менеджерге де мықты қарсыластар беруін сұрап жатырмыз. Күтейік! Жеңісті күнде жүздесейік!" - делінген хабарламада.
Еске салайық, қазақ боксшы кейінгі айқасында бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңген еді.
Ал кеше Жәнібек белгілі промоутер Эдди Хирнге қарата мәлімдеме жасап, орта дивизионда WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жекпе-жек талап етті.