auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Әлем чемпионымыз өзбекстандықпен жұдырықтасады. Қазақ боксшыларының 1/4 финалдағы қарсыластары анықталды

Бұл кезеңге жеті қазақ боксшысы жетті.

Әлем чемпионымыз өзбекстандықпен жұдырықтасады. Қазақ боксшыларының 1/4 финалдағы қарсыластары анықталды
Қайрат Ералиев. Сурет: Данияр Майлыбаев
0
Екатеринбургте өтіп жатқан 2019 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалындағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің осы кезеңіне дейін жеті қазақстандық боксшы жетті: Сәкен Бибосынов (52 келі), Қайрат Ералиев (57), Абылайхан Жүсіпов (69), Тұрсынбай Кұлахмет (75), Бекзат Нұрдәулетов (81), Василий Левит (91) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден аса).

Ал Қазақстан құрамасынан жарыстан шығып қалған бірінші боксшы Закир Сафиуллин (63 келі) болды, ол чемпион атағындағы кубалық Эдди Гоместен ежңілді.

Айта кетейік, 1/4 финалда Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы алғашқы текетірес басталады - чемпион атағындағы Қайрат Ералиев Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасады.

Қазақ боксшылары өнер көрсететін ширек финалдық жұптар:

52 келіге дейін. Сәкен Бибосынов - Артур Оганесян (Армения);
57. Қайрат Ералиев - Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан);
69. Абылайхан Жүсіпов - Роан Поланко (Доминикан Республикасы);
75. Тұрсынбай Құлахмет - Арман Дарчинян (Армения);
81. Бекзат Нұрдәулетов - Байрам Малкан (Түркия);
91. Василий Левит - Хуссейн Яшаиш (Иордания);
91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Нелви Тиафак (Германия).
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар