Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Дина Жоламан Ыстамбұлдағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз 54 келіге дейінгілер арасында испаниялық Мария Мадуэно Кондемен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
"Бірінші жекпе-жектен бастап рингте кімнің қожайын екенін көрсетуің керек. Өзіңді сенімді ұстау қажет. Алғашқы айқасымда жақсы демала алдым. Бізді бапкерлеріміз жоғары деңгейде жаттықтырды. Енді келесі қарсыласыма дайындаламын", - дейді Жоламан Қазақстан бокс федерациясына берген сұхбатында.
Еске салайық, Дина Жоламан 2016 жылы бокстан әлем чемпионы атанды.