Әлем чемпионы Усик депутаттыққа кете ме? Боксшының өзі жауап берді

©РИА Новости

Аса ауыр салмақта WBA, IBF, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик (19-0, 13 КО) Чернигов қаласының кейбір БАҚ өкілдері өзінің депутаттыққа сайланып жатыр деген қауесетіне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Чернигов қаласындағы кейбір БАҚ өкілдері мені депутаттыққа сайланып жатыр дейді. Тіпті облыстық кеңеске қарасты 206 округтың атынан даусын ұсынады дейді.

Достар! Олардың таратқан қауесетіне сенбеңіздер. Мен ешқандай да депутаттыққа сайланып жатқан жоқпын. Бұл ақпаратты таратқан басылымға 24 сағаттың ішінде менен ресми кешірім сұрап, халыққа ақ-қарасын анықтауын талап етемін. Олай болмаған жағдайда сіздермен сотта кездесеміз", - дейді былғары қолғап шебері инстаграм желісінде шыққан тікелей эфирінде.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар