Әлем чемпионы титулынан бас тартқан "Канело" мәлімдеме жасады

18 желтоқсан 2019 10:07
© RingSide24
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО) жартылай ауыр салмақта WBO белбеуінен бас тартуына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Титулды Альварес кеше, 17 желтоқсанда, иеленгеніне бір жарым ай ғана болғанда босатып отыр.

"Рингтегі жетістігім жанкүйерлерім мен елім үшін матан етерлік болғанын білемін. WBO ұйымымен қарым-қатынасым жақсы, олардың боксты дамытудағы еңбегін бағалаймын. Біздің келісім WBO ұйымына жартылай ауыр салмақтағы өз белбеуін ұдайы сарапқа салуға мүмкіндік береді, ал мен кез келген дивизиондағы ең мыты қарсыластармен жекпе-жек өткізе аламын", - деп келтіреді Алварестің сөзін Golden Boy Promotions баспасөз қызметі.