Титулды Альварес кеше, 17 желтоқсанда, иеленгеніне бір жарым ай ғана болғанда босатып отыр.
"Рингтегі жетістігім жанкүйерлерім мен елім үшін матан етерлік болғанын білемін. WBO ұйымымен қарым-қатынасым жақсы, олардың боксты дамытудағы еңбегін бағалаймын. Біздің келісім WBO ұйымына жартылай ауыр салмақтағы өз белбеуін ұдайы сарапқа салуға мүмкіндік береді, ал мен кез келген дивизиондағы ең мыты қарсыластармен жекпе-жек өткізе аламын", - деп келтіреді Алварестің сөзін Golden Boy Promotions баспасөз қызметі.