Әлем чемпионы титулын қорғауға 10 күн қалғанда допингпен ұсталды

1 қыркүйек 2021 11:11
Сурет: Fightnews.info

Екінші жартылай жеңіл салмақта WBC чемпионы мексикалық Оскар Вальдес (29-0, 23 КО) VADA ұйымының допингке қарсы тестінен өтпей қалды. Боксшының қанынан тыйым салынған фенетермин дәрмегі табылды, деп хабарлайды Fightnews.info.

Бұл оқиғаға байланысты WBC тергеу аяқталғанша қандайда бір пікір білдіруден бас тартты. 

Осылайша, Оскардың 10 қыркүйек АҚШ-тың Тусон қаласындағы Casino Del Sol шаршы алаңында өту керек болған бразилиялық Робсоно Консейсаомен (16-0, 8 КО) жекпе-жегі не болары белгісіз. 

Еске салайық, Оскар чемпиондық белбеуін биыл 20 ақпанда жеңіп алған, ол оныншы раундта отандасы Мигель Берчельтті нокаутқа түсірген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар