Бокс
27 ақпан 2022 03:07

Әлем чемпионы "Странджа кубогінің" финалында ресейлікке есе жіберді

©kfb

Ляззат Күнгейбаева Болгария астанасында өткен "Странджа кубогінің" күміс медалін иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда ресейлік Дулма Лумбуновамен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша Лумбунова 0:5 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, 2016 жылғы әлем чемпионы Күнгейбаева Софиядағы турнирде құрама қоржынына үшінші күмісті салды. Осыған дейін Дина Жоламан мен Дамир Әбдіқадір финалда қарсыластарына есе жіберген еді. Ал әзірге жалғыз алтын Назым Қызайбайдың еншісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport