Қазақстан құрамасының белді мүшелерінің бірі Ләззат Күнгейбаева "Странджа кубогінің" финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кіші әлем чемпионатының жартылай финалында Күнгейбаева Үндістаннан келген Нандиниді 5:0 есебімен жеңді. (30-27, 30-27, 29-28, 30-27, 29-28).
Осылайша, 81 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген жерлесіміз Болгариядағы халықаралық турнирдің алтын медаліне таласып көрмек.
Еске салайық, осыған дейін Күнгейбаева 2016 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, 2021 жылы Азия чемпионы атағына ие болды.
Ал "Странджа кубогінің" финалына Ләззат Күнгейбаевадан бөлек Назым Қызайбай мен Дина Жоламан шықты.