Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Странджа кубогі финалында таза жеңілді

©instagram.com/tashkenbay_sanzhar

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Болгария астанасында өтіп жатқан Старнджа кубогінің финалында жеңілді, деп жазады Vesti.kz.

51 келі салмақта алтын үшін өткен айқаста Санжардың қарсыласы үндістандық Амит Пангал болды. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы таза ұтылды - 0:5.

Осылайша, Пангал кіші әлем чемпионаты аталып кеткен халықаралық жарыстың алтын жүлдегері атанды, ал Санжар күміс иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport