Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа пәтер сыйға берілді

©AIBA

Белградта (Сербия) өткен әлем біріншілігінде 51 келіге дейінгі салмақта топ жарған Сәкен Бибосыновқа пәтер сыйға берілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Бұл туралы боксшымен кездесіп, оны жеңісімен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берді", - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Еске салайық, өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тек Кубаны алға жіберіп, командалық есепте екінші орын алды. Біздің құраманың еншісінде екі алтын, екі күміс және бір қола бар. 

Екі алтын жүлдені Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Теміртас Жүсіпов (48 келі) алса, Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Серік Теміржанов (57 келі) күміс иеленді. Ал қола жүлдені командамыздың капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) еншіледі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар