Ресей чемпионы және 2021 жылы әскерилер арасында өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы Дмитрий Двали Ташкенттегі турнир туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол осы жарыста ресейліктер үшін ең басты қарсыластар қазақтар, өзбектер мен кубалықтар деп есептейді.
"Физикалық дайындықты Қырғызстанда өткіздік, қазір салмаққа түсу қалды. Әлем чемпионатында осал қарсылас болмайды, бірақ негізгі бәсекелестер өзбек, қазақ пен кубалықтар. Елге алтынмен ораламын деген үміттемін. Бұл менің ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатым", - деп береді Двалидің сөзін Ресейдің бокс федерациясы.
Ерлер арасындағы әлем чемпионаты мамырдың бірі мен 14 аралығы Өзбекстан астанасында өтеді. Бұл жарыста боксшылар 30 салмақта сынға түседі.