Орта салмақта WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адаместің (25-1, 18 КО) келесі қарсыласы кім болатыны анықталды, деп жазады Vesti.kz.
23 сәуірге қараған түні Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен бокс кешінде Адамес британиялық Хамза Ширазбен (21-1, 17 КО) жұдырықтасты.
12 рануд қорытындысы бойынша қарсыластар тең түсіп отыр.Ал Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) осы жекпе-жекке дейін Адаместің командасына міндетті қарсылас қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 КО) жекпе-жек өткізу міндеті жайында хабарлама жіберген екен. Ол кезде үміткермен жекпе-жек кейінге ысырлған, ел енді Карлос қазақ боксшымен айқасқа шығуға міндетті.