Әлем чемпионы "Канеломен" жекпе-жекте Головкиннің ақысы желінгенін айтты

©Reuters

Украиналық бұрынғы әлем чемпионы Александр Гвоздик Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) бірінші кездесуде мексикалық Сауль "Канело" Альварестен  (57-1-2, 39 КО) үстем түскенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесуі 2017 жылы өтіп, төрешілер тең деген нәтижені тіркеген. Ал бір жылдан кейін өткен екінші айқаста мексикалық боксшы жеңіске жетті. 

"Бірінші кездесуде Головкиннен жеңісті ұрлап алды. Бұл менің жеке ойым. Әрине, қиын кездесу болды. Кім жеңгенін бірден айта салу да қиын. Иә, Геннадий ол айқаста айқын басымдыққа ие болмады. Дегенмен бірінші кездесуді қазақстандық боксшы жеңді. Ал екінші жекпе-жек тең болды. 

Ал Усик пен Джоуша кездесуіне келетін болса, Саня ол кездесуде ағылшын боксшысына ешқандай мүмкіндік бермеді. Сондықтан төрешілерге ойланатын ештеңе де болмады. Ал "Канеломен" бірінші рет кездескенде Гена мықты болғаны көрінді. Тағы қайталайын, еш боксшы айқын басымдықты иемденбеді. Дегенмен осындай кездесулерде төрешілер жеңісті Альвареске береді. Өйткені, ол басқа боксшыларға қарағанда көбірек ақша түсіретін жігіт", - деп келтіреді Гвоздиктің сөзін Fightnews.info порталы.

Айта кетейік, Головкин енді келесі кездесуін 29 желтоқсан күні Токиода өткізеді. Оның қарсыласы орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері Риото Мурата (16-2, 13 КО) болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар